Білім беру саласы: Таным,Қатынас,Шығармашылық.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:Қоршаған орта.
Тақырыбы: «Ормандағы құстар»
Мақсаты:Ормандағы құстар жайлы,олардың түрлерімен пайдасы туралы түсінік беру.Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың сөйлеу тілін,ойлау,есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға,құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ –жауап ,түсіндіру,әңгімелеу,топпен жұмыс.
Қажетті көрнекі құралдар: құстардың суреттері,интерактивті тақта,слайд,қиылған құстар суреттері,құстар карточкалары,1ден 5кедейінгі сандар,гуашьтар,желім,балмұздақ таяқшалары,әртұрлі дәндер т.б.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Амандасу.
Құстардың дыбысы.
Мнемокесте құстар туралы.
Балалар әңгімелеп береді.
Тосын сәт.Экраннан құс шығады.
Дауыс:Саламатсыңдар ма балалар!Балалар ормандағы құстарға көмек қажет болып тұр.Орманда қатты боран соғып,желдің әсерінен құстардың ұясы жерге құлап қалды.Балалар егерде сендер көмектессеңдер,боран басылып,құстарда ұясына оралар еді.Орманға тезірек келіңдер!
Тәрбиеші:Естідіңдерме балалар орманға барып,құстарға көмектесемізбе?
Балалар:-Ия.
Тәрбиеші: Олай болса,қане балалар орманға баруға дайынбызба? Музыка қосылады.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeIdc3fb2ebf6d
«Қыс»туралы ән:
Қане бәріміз бірге:Аппақ,ақ қар түстіде,
Қыс ызғарын сыйлады.
Менде кидім үстіме,
Жылы тонмен пиманы.
Орманға келу.
Слайд.Ормандағы құстар.
Үйінді қардың астынан құстың ұясын тауып алады.(ішінен тапсырмалар шығады)
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId0540a9982b
Тәрбиеші:ой балалар қараңдаршы мынау не екен?Ішінде не бар екен?-деп қарау.
Тәрбиеші:-балалар мына қағазда сендерге арналған тапсырмалар бар екен,егер біз сол тапсырмаларды орындасақ,құстарға көмектесе алады екенбіз.-Ендеше орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар:-Ия.
Тәрбиеші:Балалар,қане біз тапсырмаларды тезірек орындау үшін қазір 3-топқа бөлінеміз.
Қорапшада құстардың сурет карточкалары.(балалар алады)
Қолындағы алған құсы бойынша топтарға бөлініп отырады.
1-тапсырма.Қиылған құстарды құрастыру және құстарды сипаттап әңгімелеу.
1.топ.Торғай.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeIde0badd68ac
2.топ.Қарға.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId320bd7d0ab
3топ.Сауысқан.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId77ffe4bd30
Осы құстарды сипаттап әңгімелеу.
Тәрбиеші:Енді балалар құстар туралы тіл ұстарту жаттығуын жасайық.
Тіл ұстарту жаттығулары.
Пан- пан-пан,
Сап – сары балапан.
Ұс-ұс-ұс,
Ұшты – ұшты құс.
Дақ-дақ-дақ,
Ұшып кетті тоқылдақ.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,біз бірінші тапсырманы орындадық.
2-тапсырма.Математикалық тапсырмалар.
1-топ. «Жұбын тап»ойыны.Сызықтар арқылы.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId06d0a3e091
2-топ.Есептер шығару.(қосу,азайту)
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeIdfc4ea59aaa
3-топ.Қыстырғышпен құстарға сәйкес сандарды тауып қою.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeIdb5db94f0fd
Сергіту сәті.Музыкамен.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId437a8d2621
3-тапсырма. Шығармашылық жұмыстар.
1-топ.Аппликация.Балмұздақ таяқшасынан ұя жапсыру.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId1f2198208e
2-топ.Құстарға арнап табиғи материалдардан дән жасау.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId44c37f6dda
3-топ.Ламинат пленкаға құстардың суретін салу.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeIdc956e0f9b5
Слайд.Көңілді орман.(қарға)
Дауыс:Сендер тапсырмаларды орындағансоң,орманда тыныштық орнап,құстар өз ұяларына оралды.Рахмет сендерге балалар!
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId50d00ef81e
Тәрбиеші:қане балалар олай болса енді біздерде балабақшамызға қайтайық.
Қане кеттік.(Музыкамен)
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId95296142f4
Балабақшаға оралу.
Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау.
-Балалар біз қайда бардық?
-Біз бүгін не туралы үйрендік?
-Қандай тапсырмаларды орындадық?
-Тапсырмаларды орындаған сендерге ұнадыма?
Тәрбиеші:-Балалар қараңдаршы сендер тапсырмаларды орындап құстарға көмектескендерің үшін,құстарда сендерге сыйлық беріп жіберіпті.
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/219-ashy-saba-baldyr-an-toby.html#sigFreeId401c650f94