«Айгөлек» бөбекжай балабақшасы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Көңілді көбелектер»
Педагог-психолог: Таңбаева Г.О.
Бадамша 2020
Тақырыбы: Көңілді көбелек
Мақсаты: Балалардың психологиялық жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, ойлау қабілеттерін арттыру және балалардың бір-біріне деген көмек қарым-қатынасын, балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту. Танымдық қызығушылықтарын жетілдіру, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: массаж шарлар, түрлі-түсті құмдар.
Әдіс-тәсілдер: психожаттығу, жұмбақ, мнемокесте арқылы тақпақ, ойын, тапсырмалар, тыныс алу жаттығуы, хат.
- Сәлемдесу рәсімі. Балалар бүгін бізге көп қонақтар келді, қане олармен сәлемдесейік.
Шеңберге тұрғызып төмендегі өлең жолдарын айтқызады.
Мынау аспан астында
Жақсы, дос көп табылар
Менде соның бірімін, Сәлемімді қабыл ал!
- Жұмысқа дайындық - Балалар сендердің көңіл-күйлерін қалай? Балалар сендер кереметсіңдер, сендердің көңіл-күйлерің де жақсы,сендер ақылды,әдемі,мықтысыңдар олай болса бүгін сабақта да сендер өздеріңді жақсы көрсетеді деп ойлаймын.
- Жұмбақ
Төрт қанаты бар
Инедей денесі бар
Үлкен бақырайған көзі бар
Бұл не екен, кім табар? (КӨБЕЛЕК)
Балалар көбелек қай мезгілде ғана тіршілік етеді? Көбелектің 4қанаты бар, өте нәзік. Олар немен қоректенеді? Олар көрмейді, естімейді. Қыста ұйқтап жатады.
- Мнемокесте арқылы көбелек туралы тақпақ айту
Көбелектер әр түрлі
Қызыл сары көк пен ақ,
Жүгіріп барсаң қасына ,
Ұшып кетеді бірақ.
- Ойын
Балалар сендерге көбелек болған ұнайма? Ендеше өздеріңе ұнаған көбелек маскасын таңдап алып, көбелекке айналайық. Өз түстеріне сәйкес гүлдерге барып қону.
Тақпақ:
Көбелек болып ұшайық,
Көбелектей қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Гүлге келіп қонайық.
Тыныс алу жаттығуы: гүлді иіскеу
- Хат
Балалар сәлеметсіңдерме! Мен көбелек өрмекшінің торына түсіп қалдым. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар көмектесеміз бе? Ендеше балалар біз көбелек досымызға көмектесейік. Ол үшін біз көбелекке достарын жасап берейік. Жасамас бұрын біз шармен қолымызға, бетіміз бен мұрнымызға массаж жасайық.
- Ал енді балалар көбелекті құтқару үшін достарын жасап берейік
1-топ-түрлі-түсті жарманы пайдалана отырып көбелектің бейнесін шығару
2-топ-тұздан жасалған көбелектің үстіне түрлі-түсті бояды құю арқылы көбелек бейнесін дайындау
3-топ- түрлі-түсті құммен көбелектің сұлбасын шығару
- 8. Ал енді балалар көбелектің достарын жасадық енді ұшырамыз. Демімізді ішке тарта отырып көбелектерді үрлейміз. Алақай балалар көбелек досымызды құтқардық!
- Қорытынды
Балалар біз көбелекке не жасап бердік? Көбелек қай жыл мезгілінде болады? Көбелектер қыста не істейді? Балалар сендер бүгін өздеріңді жақсы көрсеттіңдер. Сендер ақылды, алғыр балалар екенсіңдер. Мен сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың үшін смайлик беремін. Рахмет сендерге балалар!
- Қоштасу
Ал енді қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!
https://aigolek-bad.kz/kz/zhanaly-tar/187-ashyk-saba-psikholog.html#sigFreeId78406b2e0e