Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ғажайып математика әлемі»
«Күншуақ» ересектер тобы.
Тәрбиеші:Тажимуратова П.А.
2019-2020 оқу жылы
Білім беру саласы:«Таным»,«Коммуникация», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Денсаулық»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ғажайып математика әлемі»
Мақсаты:Балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімдерін тиянақтау. Сандарды тура, кері санауға үйрету, тапсырмаларды орындау арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, ұсақ қол маторикасын дамыту.Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.(жоғары-төмен,ортасы, оң-сол ұғымдары.Ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: 1-ден 10-ға дейінгі цифры бар карточкалар, геометриялық пішіндер,қиылған дайын шыршалар,есеп шығаруға қажетті заттар;банкалар,жеміс-жидектер,карандаштар,интерактивтік тақта,мнемокесте.
1.Ұйымдастыру.
Амандасу.
Шаттық шеңбері.
Тосын сәт.(есік қағылып,бізге хат келеді)
Тәрбиеші:Ой балалар қараңдаршы,бізге хат келіпті.-Қане ашып оқиық.
«Айгөлек»бөбекжай балабақшасының «Күншуақ»ересектер тобының балаларына «Мұз қалашығынан»келіпті.
-Саламатсыздар ма балалар!біз сендерге мұз қалашығынан хат жазып отырмыз.Бізді қар қаншайымы өзінің ұлпа қарларымен сиқырлап қатырып тастады.Сендерден бізді құтқаруға көмек сұраймыз.
Тәрбиеші:-Қане балалар біз Мұз қалашығының тұрғындарына көмектесуге дайынбызба?
Балалар:-Ия.
Тәрбиеші:-Олай болса аяғымыздағы сиқырлы аяқкиіммен Мұз қалашығына барамыз.
-Қане кеттік.(шаңғымен жүру)
Мұз қалашығына келу.
Тәрбиеші:Ой балалар қараңдаршы,мұз қалашығы қандай суық екен.Олай болса біз қазір қыс мезгілі туралы әңгімелейік.
Интерактивтік тақтамен жұмыс.Мнемокесте.
Мнемокесте арқылы қыс мезгілін әңгімелеу.
Қыс туралы тіл жаттығуын айту.
Тақпақ.
Ыс-ыс-ыс далаға келді қыс,
Ар-ар-ар жерге түсті қар.
На-на-на біз тебеміз шана,
Ла-ла-ла қардан соқтық аққала.
Балалармен қайталап айту.
Қар ханшайымы шығады.
-Саламатсыздар ма балалар!-сендер менің мұз қалашығымда не істеп жүрсіңдер?-Бұл жерден не іздеп келдіңдер?-Сендерді бұл жерге кім шақырды?
Тәрбиеші:Саламатсыз ба Қар ханшайымы!Сіздің мұз қалашығының тұрғындарынан біздің балабақшамыздың балаларына хат келді.Олар өздерін Қар ханшайымы қатырып тастағанын айтып,құтқаруды сұрайды.
Қар ханшайымы:Ия балалар мен сендеріңді достарыңды қатырып тастадым.Ол үшін сендер менің тапсырмаларымды орыедайсыңдар.Егер менің тапсырмаларымды орындай алмасаңдар онда мен сендерді де қатырып тастаймын.
-Ал ендеше орындауға дайынсыңдарма?
Балалар:-Ия дайынбыз.
Тәрбиеші:Қар ханшайымы біздің балалар тапсырмаларды орындауға дайын.
Қар ханшайымы:-Ха,ха,ха қазір мен сендердің тапсырмаларды қалай орындайтындарыңды көріп,бақылып отырамын.(мына жерге жайғасып отырып алайын)
1-тапсырма.Сандарды тура және кері санау.(қармен)
Тәрбиеші:қане балалар мына менің қолымдағы қармен сандарды тура және кері санап берейік.(Санау)
Тәрбиеші:Ой жарайсыңдар балалар сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
Енді келесі тапсырмамызды орындайық.
2-тапсырма.Кеңістікті бағдарлау.Жеке жұмыс.
Балалар шыршаға (жоғары-төмен,оң жақ,сол жақ)бағдарлап пішіндерді қою.
Қар ханшайымы:-Балалар сендер менің бұл тапсырмамды да орындадыңдар.Жарайсыңдар!
Тәрбиеші:Енді келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдарма?
Балалар:-Ия.
3-тапсырма.Жануарларды санау.(нешеу?,нешінші?)Жануарлар туралы тақпақ айту.
Тәрбиеші:-Қане балалар,біз мына мұз қалашығында тұрған жануарларды санайықшы.
Балалар санайды.
Балалардан сұрау.
-Барлығы нешеу?-Аю нешінші тұр?-Бұғы нешінші тұр екен?Ал,пингвин ше?
Тәрбиеші:-Өте жақсы.Дұрыс айтасыңдар.Енді балалар осы жануарлар туралы тақпақ білесіңдерма?
Тақпақтар.
1.Аю:Томпаң-томпаң жүретін,
Аю үлкен жануар.
Балды жақсы көретін,
Аю деген жануар.
2.Бұғы:Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы.
3.Пингвин:Аталғанмен құс болып,
Пингвиндер үшпайды.
Көрген емес еш тоңып,
Мухиттарда қыстайды.
Қатар-қатар тізіліп,
Маң-маң басып жүреді.
Сонда жақсы қызынып,
Тоңбайтынын біледі.
Қар ханшайымы:-Балалар сендер менің бұл тапсырмамды да орындадыңдар.
-Қазір мен сиқырлы таяқшаммен жануарларды тірілтемін.(Музыка қосылады,жануарлардың дыбыстары шығады)
Тәрбиеші:Олай болса балалар,енді сергіп дем алайық.
Сергіту сәті:Бұғының үлкен үйі бар.
Әйнектен көзін салып тұр.
Орманнан қашқан бір қоян,
Есікті келіп қағып тұр.
Тық-тық-тық аш есікті,
Орманға аңшы жетіпті.
Қоянжан енді,тұрыс не?
Қолыңды соз кір ішке. (Музыкамен)
4-тапсырма.Есептер шығару.(жеміс-жидектермен)Жеке жұмыс.
Тәрбиеші:Балалар тапсырманы өте жақсы дұрыс орындадыңдар.Жарайсыңдар!
Тәрбиеші:Енді балалар соңғы тапсырманы орындайық.
5-тапсырма.Жануарларды қоректендіру.(Сызық арқылы)
Қар ханшайымы:-Жарайсыңдар,балалар!Сендер менің барлық тапсырмаларымды дұрыс орындап,мұз қалашығының тұрғындарын құтқардыңдар!
-Сендер өте білімді,ақылды балалар екенсіңдер.-Ал мынау менің сендерге арнаған силықтарым және мынау менің сиқырлы таяқшам,бұлда сендерге қажет болып қалар.
Енді менде кетуім керек.Қош сау болыңдар!
Балалар:Сау болыңыз!
Қорытындылау.
Тәрбиеші:-Енді балалар біз мына сиқырлы таяқшаның көмегімен тобымызға қайтайық.
https://aigolek-bad.kz/ru/nashi-gruppy/baldyr-an-star-kaz-gr/224-ashy-saba-azhajyp-matematika-lemi-peruza-3.html#sigFreeIdfa7e9e820a