Қарғалы ауданы
«Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат .
Тәрбиеші:Нураддинова З.О.
Білім беру саласы: Қатынас. Таным
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Математика негіздері.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
Мақсаты:Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту.Ертегілер арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлердің суреттері.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Балаларды шеңберге тұрғызу.
Шаттық шеңбер:
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Күлімдесін күн де,
Күлімдейік бізде.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын шашайық.
Таза ауаны салайық,
Жүрек жылуын сыйлайық
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.
Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Мнемотехника «Қыс» мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар
Тосын сәт.
Хатшы хат әкеледі.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы.Кімнен екен?Кәне, ашып оқып көрейік.
Хатты ашып оқиды:Сәлеметсіңдер ме! Мен Мақтақызбын.Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар.Мен, қысқы орманға серуендеп барғанмын.Ал мені Қыс ханшайымы ұстап, өзінің қарлы үйіне қамап қойды.Мұнда өте салқын.Үйіме барғым келеді.Атам мен әжемді сағындым.Мені құтқарыңдаршы!!!
Тәрбиеші: Мақтағызды құтқарамыз ба? Қысқы орманға барамыз ба?
Қыс ханшайымына барамыз ба?
Балалар: Иә
Тәрбиеші:Олай болса мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
Тәрбиеші:Балалар қыс ханшаймына немен барамыз?
Балалардың жауабы:
Тәрбиеші:Ендеше, бәріміз шаңғымен барайық.
Кәне, кеттік!
Тәрбиеші: Балақайлар, міне бізде қысқы ханшайымның еліне келдік.
Тәрбиеші: Қысқы орман әдемі ме?
Балалар: Ия!
Қыс ханшайымы:Кім кім менің қарлы патшалығыма келген?
Тәрбиеші: Балалар, кәне,Қыс ханшайымымен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Біз Мақтақызды іздеп жүрміз.
Қыс ханшайымы: Ха ха ха!Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен.Мен оны үйіме кілттеп қойдым.Енді ол менің үйімді жинап, маған қардан дәмді тағамдар пісіреді.
Тәрбиеші: Балалар, орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп немесе ойнап жүруге бола ма?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы,Мақтақызды кешірші,оны жіберші,ол кішкентай қызғой.Атасы мен әжесі жылап жатқан болар.
Қыс ханшайымы: Ммм,егер сендер менің тапсырмамды орындай алсаңдар,жіберемін.
Тәрбиеші: Балалар тапсырмасын орындаймыз ба?
Балалар: Иә!
Бірінші тапсырма:
«Жұмбақтар жасыру»
Қыс ханшайымы: Балалар сендер жұмбақтар білесіңдер ма? Білсеңдер жұмбақ жасырыңдаршы ,ал мен жұмбақ шешкенді ұнатамын.
Тәрбиеші: Балалар қыс ханшаймы жұмбақ шешкенді жақсы көреді екен. Олай болса біз жұмбақ жасырайық.
Жұмбақтар.
1.Суда мұз бар,Жерде қар бар,
Боран боп соғады,Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)
2.Жалт-жұлт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді. (Қар)
3.Қыстағана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
4.Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
Қыс ханшайымы.Жарайсыңдар
Енді менің 2-тапсырмаммына слайдта «Ертегіде қай кейіпкер жетіспейді?».
Тәрбиеші.:Ал балалар біз осы тапсырманы орындайық.
АКТ технологиясы . Слайд
Балаларды мадақтау.
3-тапсырма.
Қыс ханшайымы.Келесі тапсырма. «Жануарлардың қорегін санау, сандарды қою»
Тәрбиеші.(Суретте берілген жануарлардың қоректерін санмен сәйкестендіру.)
Тәрбиеші. Балалар шаршаған боларсыңда р,кәзір серігіп алайық.
Сергіту сәті: Музыкамен
4 тапсырма.
Қыс ханшайымы.Келесі тапсырма. Ертегі сомдап беріңдер.Қандай ертегі білесіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, «Не дәмді» ертегісін қуыршақтарарқылы сомдаймыз
Қәне балалар өздеріңе ұнаған ертегі кейіпкерлерін алып ертегіні сомдайық.
«Не дәмді».
Тәрбиеші.Ертегі оқылады:
Бір күні құстар мен жануарлар бірге отырған уақытта,әрқайсысы өзінің жақсы көретін тамағын айтып мақтаныпты.
Тауық тарыны мақтапты, ит өзінің сүйегін, қоян өзінің сәбізін аңсапты.
Бір бас қосқанда құстар мен жануарлар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты,
сонда тауық:
Тауық-Қыт-қыт Ең дәмді тамақ тары
Ит –Аф-Аф Ең дәмді тамақ, кеміріп жейтін сүйекке не жетсін.
Қоян- сендер
дәмді екенін білмейсіңдер, күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ.
Ешкі. –мәәәә Жас шыбықтың қабығынан не дәмді болушы еді.
Мысық.Мяу-мяу.Шіркін қою сүтті айтсаңдаршы!
Тәрбиеші: Әркім өзі сүйетін тағамды мақтап, қызыл кеңірдек болысып, келісімге келе алмай, тарасыпты. (Балалар кетеді)
Тәрбиеші: Көрдіңдерме? Әр аңдардың өздерінің сүйікті тағамдары бар. Қандай тамақ болсын жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті екен.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!Ертегіні өте жақсы сомдадыңдар
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар,ертегіні жақсы сомдадыңдар!Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер,рахмет!
Мен Мақтақызды жібергім келіп тұрған жоқ.
Тәрбиеші:Олай болса балалар, қар жасап берейік Қыс ханшайымына.
Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар ,қандай ақылды балаларсыңдар.Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар.Маған сыйлықтарың ұнады.
Ендеше мен Мақтақызды босатайын.
Мақтақыз: Рахмет, сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер едім.Тоңып қамауда жүрер едім. Қыс ханшайымы сізгеде рахмет .Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін.Балалар сендерде орманға, көшеге жалғыз ойнап шықпаңдар жарай ма?Менің сендерге сыйлығым бар.Мен атам мен әжемді сағындым,үйіме қайтайын.Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Біздің қайтатын уақытымыз болды.Қыс ханшайымы,балаларға,енді ұрынба,сау бол!
Балалар: Сау болыңыз,Қыс ханшайымы!
Тәрбиеші: Балалар,шаңғымен балабақшаға қайтайық.
(Бәрі бірінің артынан бірі жүріп қайтады)
Қорытынды: Сұрақ-жауап:
Біз қайда бардық?
Кімге көмектестік?
Тәрбиеші:
Осымен оқу қызметі аяқталды. Рахмет, балалар! Қонақтармен қоштасайық .
Балалар: Сау болыңыз!