«Келді міне, Алтын күз»

«Күншуақ»ортаңғы топ»

 

 

Тәрбиешілер:Бактыгреева В.К

Тажимуратова П.А

 

 

01.11.2018 жыл

 

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 
Тәрбиеші:Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Саламатсыздар ма,балалар! Сіздер бүгін «Күншуақ»тобының «Келді міне,Алтын күз» атты ойын сауығымызға қош келдіңіздер!

 

Би:Жапырақтар

 

 

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы балалар 
Бұл қай кезде болады? (Күзде)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған тақпақтарымызды айтайық)

Тақпақтар


1)Нұрдана

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді.

 

 

2) Ертуған.

Ел егінін жинайтын

Қырманға дән силайты

Бәздәі дала бай дала

Алтын астық айнала

 

3)Алихан

Сап - сары маңай,
Сап – сары тоғай.
Соңғы әнін айтып.
Құс кетті қайтып.


4)Дария

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмділер

Тәттісі көп не түрлі

 

Ән: «Алтын күз»

Тоңазып атырап                                                                                               

  Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі

Қ-ы

Күз жомарт дейміз біз

Жемісін жейміз біз

2)Үстде егінжай

Салқын жел соғады

Гүл шөбі белдің сай

Қуарып солады.

Тәрбиеші:Балалар білесіңдер ме күзде құстар қайда ұшып кетеді?

Дұрыс жыллы жаққа ұшып кетеді.Жыллы жаққа ұшып кететін құстардың биін тамашалайық.

Би:Құстар (қыздар)

Көрініс

Сафия : Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Басым айналып барады!
Бағдаулет: Енді, енді не етеміз?!
Софияға қалай көмектесеміз?
К.Ернур: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Сафия : Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Бағдаулет : Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Сафия: Жоқ,жоқ мен дәрі жеуден қорқамын. 

К.Ернур:Онда дәрігер шақырайық
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
М.Амирхан Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар!
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Софияға дәрігерлік көмек керек!
М.Амирхан Дәрігер : Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
М.Амирхан Дәрігер - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Сафия : Енді не істеймін?
М.Амирхан Дәрігер: Қазір күз мезгілі түсті ғой, Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!

Қоймаға қоңырау шалайын Күз өнімдерін осында алдыртайын!(Қалта телефонымен қоңырау шалады)

- Алло, алло! Қойма ма? 

Бізге жемістер мен көкөністер керек 

Машинаға тиеп жіберіңіз

Мүмкін болса тезірек!

(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)


Аделя :Алма: 

Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім

Мәз болады алғандар

Тілін балдай үйірем

Динара :Өрік:  

Дөп дөңгелек сап сапры 

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Менің атым-Өрік


Бекнұр:Жүзім:

Мені бәрі жүзім дер

Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер

Қызықтырам көркіммен

Қатар - қатар тізілген

Саржалин Амир Шие:

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қажеттімін адамға

Оны жақсы білем



Мейрам Сәбіз

 

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де



Бибіана Қызанақ:

Менің атым – қызанақ

Тұзды сеуіп молырақ

Банкілерге салыңыз

Аузын мықтап жабыңыз

Тағамға дәм қосамын

Қыста тәбет ашамын

 

 

Дәрігер:Балалар әрқашан жемістер жеп жүріндер.

Сафия :Рахмет,дәрігер.

Тәрбиеші.Міне көрдіңдер ме,балалар адам ағзасына жеміс пен көкөністің пайдасы көп екен. ! Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар!

Дәрігер:Сау болыңдар!Ауырмаңдар!

Тәрбиеші:Балалар,бізге Алтын Күз қонаққа келемін деп еді.Әлі жоқ?Мүмкін адасып қалды ма екен?Қәне, балалар  ән айтайық мүмкін дауыстарыңызды есітіп келіп қалар.

ӘН: Жемістер.

 

1.Менің қара көзімдей, көзімдей, көзімдей

Қарақаттар тізілген, тізілген, тізілген

Қ-сы

Күзім- ау, күзім- ау

Мінезің қызық- ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық –ау

2.Пісір тұрған жүзімді, жүзімді, жүзімді

Теріп алдым бірін мен, бірін мен,


 

Тәрбиеші:Балалар, Алтын күз естіммей жатырған секілді.Мүмкін мына жердегі саңырауқұлақтар би билеп берер.

                                           

Би.Саңырауқұлақтар.

 

 

  (Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)
Күз бен жел кіреді:

 

Айгерім Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
                                               Әуен: Сиқырлы

 Бұлт: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.

Тәрбиеші:Бұлт,сен неге күзді сиқырлап тастадын?Балалар Алтын  күзді күтіп отыр гой? Бұлт: Мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.
Тәрбиеші: Біздің балаларда шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.
                               Ойын: «Қасықпен картопты жина»                                                          

Тәрбиеші: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң? Күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.

Бұлт: Жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер!Жарайды күзді оятайын. Ахалай, махалай суф !
Күз оянады.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

  Мен Алтын Күзбін!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Бұлт:Міне,Алтын күзді ояттым!Мен мен аспаныма кетейін.Сау болыңдар!

Балалар:Сау болыңыз!

Тәрбиеші:Қош келдің,Алтын Күз! Төрлет!

 

Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар:


Ж.Санжар

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Т.София

Біреу астық түсіріп,

  Біреу бидай ұшырып.

  Жатқан мезгіл күз екен

  Алдым соны түсініп

 

 


К.Ернур

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан

Қаздар қайтып барады

Қайтқан елдей жайлаудан,

М.Софа

Көптен күткен күз келді

Жеміс жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Ағаштардан түседі.


Бағдаулет:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Алтын күз.Жарайсыңдар.балалар! Балалар,мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр , бірге ойнайық.

 

Ойын «Көкөкністерді жина»

Керек заттар (обруч,машина,көкөністер)

 

 

 

Алтын күз :Жарайсыңдар ,балалар!

Би. Бақалар

 

Тәрбиеші:Қәне, балалар Алтын күзге тақпағымызды айтып берейік.

 Тақпақтар


Айтмағабетов Е

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның

Малика

Жеміс жидек піседі

Қамбаға астық түседі

Қызу жұмыс басталып

Жинап алды жан салып


Кирилл

Айнала сап сары

Қырманға дән тола

Жемістер пісіпті

Қоймаға түсіпті

У.Камилла

Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыбдыр етеді.


Ән:Күзгі жаңбыр

 

1.Күзгі жаңбыр төгіп тұр

Көше бойын сел қылып

Күн шығады төгіп нұр

Күллі әлемді таң қылып

Қ-сы

Жау жау жаңбыр,жау жаңбыр

Сай салаға құя бер

 

 

2.Шаң басыылып көшеде

Кемпірқосақ шығады

Аққу келіп көліне

Ақша қаздар ұшады


 

 

Би: Қолшатыр

 

 

Алтын Күз:Өте жақсы, балалар, рахмет!.

Алтын Күз: Балалар, сендердің өнерлерінді тамашаладым. Ой, балалар, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар!Менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Тәрбиеші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

 (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).  

Міне, балалар«Келді міне,Алтын күз» атты ойын сауығымыз аяқтады .Күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Ал, келген қонақтарымызға сау болыңыздар дейміз.