Күзгі ойын-сауық
І кіші топ «Балдырған»
Күз келді, алақай, жемісін ала келді балақай!
Тәрбиешілер :
Аигул Балыкбаевна.Есетова
Асия Айтуғанқызы.Тулебаева
2018-2019 оқу жылы
ҮЙШІК КҮЗГІ ОЙЫН ТҮРі
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бүгін біздің залымыз сондай әдемі безендірілген! Ол бір мерекенің белгісі емес пе, солай ма? Біз қандай мерекені тойлауға жиналып отырмыз?
Балалар: Күз мерекесін!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Себебі біз Күз мерекесіне жиналдық. Олай болса, Алтын Күзді ортамызға шақырайықшы!
Балалар хормен: Күз!Күз!Кел бізге!
Әдемі әуенмен залға Күз кіреді.
Күз: Сәлем, өрен достарым!
Өмірге көп қосқаным!
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!
Балалар «Күз»
Күз: Жаңа менімен бірге осында жапырақтарым ұшып келіп еді.(Жүргізуші балаларға жапырақтар таратады) Биге, биге шығыңдар!
Қане, жапырақтарым, тұрмаңдар!
Биден соң балалар жапырақтарын еденге қойып, орындықтарына отырады.
Күз: Ой, мында көптеген жапырақтар ұшып келіпті! Кім маған менің жапырақтарымды жинап береді?!
Жүргізуші: Біздің балаларымыз сіздің жапырақтарыңызды жинап береді.
Ойын «Кім көп жапырақ жинайды?»
Жүргізуші: Құрметті біздің көркем Күз, біздің мерекемізге қош келдіңіз! Төрлетіңіз, жоғары шығыңыз, демалыңыз кішкене… (Күз отырады)
Күз: Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, сендерге өзімнің достарыммен келдім. Қане, қарсы алыңдар менің Қоян досымды!
Залға Қоян секіріп келеді.
Қоян: Мен ұзын құлақ сұр Қоянмын!
Ылғи түнде жортамын.
Қалдырмаймын ізімді,
Өте қатты қорқамын…
Жүргізуші: Ой-й-й, Қоян, сен бізден қорықпа! Одан да балалармен бірге билесеңші, жарай ма?!
Балалар Қоянмен бірге «Ор қояндар» биін билейді.
Билеп болған соң Қоян дірілдеп)
– Ой –ой –ой, балалар! Күз келді, күн салқындады. Жылы ін керек маған-н, жылынар ем мен жылдам-м-м…!
Жүргізуші: Қоян, сен мұңайма! Біздің балалар саған қазір үй салып береді!
Балалар саусақтарымен «Үйшік» жаттығуын орындайды.
«Үйшік»
«Биік те, аласа да емес»
Б.қ. н.т.1-3- қолды жоғары көтереміз;
Б.қ.
«Үйшікте кім тұрады?»
Б.қ. тік тұру, қол белде, аяқ алшақ;
1-2- оңға бұрылу; 3-4- б.қ.
5-6- солға бұрылу; 7-8- б.қ.
«Аласа үйшікте кім тұрады?»
Б.қ. т.с. 1-2- отырып, қолды еденге қою;
3-4- б.қ.
«Үйшікте аңдар тұрады»
Б.қ. аяқ сәл алшақ, қол белде, орнында аңдар қимылын имитациялау;
- «Жеңіл жүру»
Жүргізуші: Міне, Қоян, біздің балалар саған қандай әдемі үйшік салғанын көрдің бе?! Алғашқы қонағыңды қарсы ал
Залға Бақа секіріп келеді.
Бақа: Мен-Бақамын балпақ,
Бұтым менің талтақ. – Мен де үйшіктің ішіне кірейінші, а?!
Қоян: Сенің қандай өнерің бар?
Бақа: Мен ән салғанды ұнатамын.
Жүргізуші: Біздің балалар да би билегенді ұнатады. Қане, балалар, Бақамен бірге би билейікші!
Балалар бақамен бірге «Бақа» биін билейді
Қоян: Бақа, үйге кіре ғой,
Дос боламыз, келе ғой!
Бақа үйшіктің ішіне кіреді.
Залға қолына қолшатыр ұстағанТүлкі келеді
Күз: Менің тағы бір досымды қарсы алыңыздар!
Түлкі: Мен-Түлкімін күлкілі,
Кім білмейді Түлкіні?
Алдамаймын ешкімді,
Мерекеде бұл күні.
Кірейін мен де мына үйшіктің ішіне!
Жүргізуші: Ал, сенің кандай өнерің бар?
Түлкі: Менде мынадай әдемі қолшатыр бар! Балалар, осы қолшатырды қай уақытта көтереміз ?
Балалар: Жаңбыр жауғанда
Түлкі: Дұрыс олай болса менімен билеуге қалай қарайсыңдар?
Би: «Тамшылар»
Қоян:Түлкі үйге кіре ғой,
Дос боламыз, келе ғой!
Түлкі үйшіктің ішіне кіреді.
Күз: Менің тағы бір досым келе жатыр!
Залға аю кіреді.
Аю: Мен балқұмар қорбаңбаймын,
Тәтті алуға қорланбаймын!
Кірейін менде үйшіктің ішіне…
Қоян: Ал, Қорбаңбай, сенің қандай өнерің бар?
Аю: Мен билей алмаймын,
Әндерді де салмаймын.
Апанымның ішінде
Қорылдап тек ұйықтаймын…
Қасында томар тұрады. Сол томардың үстіне отыра кетіп,«ұйықтайды».
Жүргізуші: Ой, балалар, қорбаңбай Аю ұйықтап қалды ғой! Қане, оны оятып, кішкене ойын ойнайық!
Балалар: Аю, ей, Аю! Ұйқыңнан тұрсаңшы,
Сауық- сайран құрсаңшы! (Аю есінеп оянады)
«Аю жүрген орманнан» ойыныҚоян: Аю, үйге кіре ғой,
Дос боламыз, келе ғой!
Жүргізуші: Барлық аңдар үйшіктің ішінде тату-тәтті өмір сүріпті. Қоян күні бойын сәбіз жейді, Бақа-ән салады,Түлкі-билейді, ал Аю-күні бойы ұйықтайды,үйшікті күзетеді. Бұл үйшіктін ішінде тұратын аңдар қыстың қаһарлы аязынан еш қорықпапты.
Барлық аңдар шығып балалармен билейді.
Жүргізуші: Осымен, бүгінгі Күзгі мерекеміз де аяқталып келе жатыр. Біздер де балалар, өзіміздің жылы тобымызға оралайық!
Күз: Менің де кетуім керек балалар!
Барлығыңды қимаймын,
Барымды мен сыйлаймын!
Күз балаларға ішінде алмалары бар себетін береді.
Күз аңдармен кетеді. Балалар «пойызға» отырады.Топтарына оралады.