Күзгі ойын-сауық

І кіші топ «Балдырған»

 

 

Күз келді, алақай, жемісін ала келді балақай!

 

 

Тәрбиешілер :

Аигул Балыкбаевна.Есетова

Асия Айтуғанқызы.Тулебаева

  

 

2018-2019 оқу жылы

ҮЙШІК КҮЗГІ ОЙЫН ТҮРі

 

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бүгін біздің залымыз сондай әдемі безендірілген! Ол бір мерекенің белгісі емес пе, солай ма? Біз қандай мерекені тойлауға жиналып отырмыз?

Балалар: Күз мерекесін!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Себебі біз Күз мерекесіне жиналдық. Олай болса, Алтын Күзді ортамызға шақырайықшы!

Балалар хормен:  Күз!Күз!Кел бізге!

Әдемі әуенмен залға Күз кіреді.

 

 

 

Күз:  Сәлем, өрен достарым!

Өмірге көп қосқаным!

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты!

Балалар «Күз»

Күз: Жаңа менімен бірге осында жапырақтарым ұшып келіп еді.(Жүргізуші балаларға жапырақтар таратады) Биге, биге шығыңдар!

Қане, жапырақтарым, тұрмаңдар!

 

 

Биден соң балалар жапырақтарын  еденге қойып, орындықтарына отырады.

Күз: Ой, мында көптеген жапырақтар ұшып келіпті! Кім маған менің жапырақтарымды жинап береді?!

Жүргізуші: Біздің балаларымыз сіздің жапырақтарыңызды жинап береді.

                    Ойын «Кім көп жапырақ жинайды?»

Жүргізуші: Құрметті біздің көркем Күз, біздің мерекемізге қош келдіңіз! Төрлетіңіз, жоғары шығыңыз, демалыңыз кішкене… (Күз отырады)

Күз: Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, сендерге өзімнің достарыммен келдім. Қане, қарсы алыңдар менің Қоян досымды!

Залға Қоян секіріп келеді.

  

Қоян:  Мен ұзын құлақ сұр Қоянмын!

Ылғи түнде жортамын.

Қалдырмаймын ізімді,

Өте қатты қорқамын…

Жүргізуші: Ой-й-й, Қоян, сен бізден қорықпа! Одан да балалармен бірге билесеңші, жарай ма?!

Балалар Қоянмен бірге «Ор қояндар» биін билейді.

 

Билеп болған соң  Қоян  дірілдеп)

– Ой –ой –ой, балалар! Күз келді, күн салқындады. Жылы ін керек маған-н, жылынар ем мен жылдам-м-м…!

Жүргізуші: Қоян, сен мұңайма! Біздің балалар саған қазір үй салып береді!

Балалар  саусақтарымен «Үйшік» жаттығуын  орындайды.

«Үйшік»

«Биік те, аласа да емес»

Б.қ. н.т.1-3- қолды жоғары көтереміз;

Б.қ.

«Үйшікте кім тұрады?»

Б.қ. тік тұру, қол белде, аяқ алшақ;

1-2- оңға бұрылу; 3-4- б.қ.

5-6- солға бұрылу; 7-8- б.қ.

«Аласа үйшікте кім тұрады?»

Б.қ. т.с. 1-2- отырып, қолды еденге қою;

3-4- б.қ.

«Үйшікте аңдар тұрады»

Б.қ. аяқ сәл алшақ, қол белде, орнында аңдар қимылын имитациялау;

  1. «Жеңіл жүру»

 Жүргізуші: Міне, Қоян, біздің балалар саған қандай әдемі үйшік салғанын көрдің бе?! Алғашқы қонағыңды қарсы ал

 

Залға Бақа секіріп келеді.

 

Бақа:    Мен-Бақамын балпақ,

Бұтым менің талтақ. – Мен де үйшіктің ішіне кірейінші, а?!

Қоян:   Сенің қандай өнерің бар?

Бақа:  Мен ән салғанды ұнатамын.

Жүргізуші: Біздің балалар да би билегенді ұнатады. Қане, балалар, Бақамен бірге  би билейікші!

Балалар бақамен бірге  «Бақа» биін билейді

 

 

Қоян:  Бақа, үйге кіре ғой,

Дос боламыз, келе ғой!

Бақа үйшіктің  ішіне кіреді.

Залға қолына қолшатыр ұстағанТүлкі келеді

Күз: Менің тағы бір досымды қарсы алыңыздар!

Түлкі:   Мен-Түлкімін күлкілі,

  

Кім білмейді Түлкіні?

Алдамаймын ешкімді,

Мерекеде бұл күні.

Кірейін мен де мына үйшіктің ішіне!

Жүргізуші: Ал, сенің кандай өнерің бар?

Түлкі: Менде мынадай әдемі қолшатыр бар! Балалар, осы қолшатырды қай уақытта көтереміз ?

 Балалар: Жаңбыр жауғанда

Түлкі: Дұрыс олай болса менімен билеуге қалай қарайсыңдар?

Би: «Тамшылар»

 

Қоян:Түлкі үйге кіре ғой,

Дос боламыз, келе ғой!

Түлкі үйшіктің ішіне кіреді.

Күз: Менің тағы бір досым келе жатыр!

Залға аю кіреді.

Аю:   Мен балқұмар қорбаңбаймын,

Тәтті алуға қорланбаймын!

Кірейін менде үйшіктің ішіне…

Қоян:  Ал, Қорбаңбай,  сенің қандай өнерің бар?

Аю:  Мен билей алмаймын,

Әндерді де салмаймын.

Апанымның ішінде

Қорылдап тек ұйықтаймын…

 

Қасында томар тұрады. Сол томардың үстіне отыра кетіп,«ұйықтайды».

Жүргізуші: Ой, балалар,  қорбаңбай Аю ұйықтап қалды ғой! Қане, оны оятып, кішкене ойын ойнайық!

Балалар: Аю, ей, Аю! Ұйқыңнан тұрсаңшы,

Сауық- сайран құрсаңшы! (Аю есінеп оянады)

 

«Аю жүрген орманнан» ойыныҚоян: Аю, үйге кіре ғой,

Дос боламыз, келе ғой!

Жүргізуші: Барлық аңдар үйшіктің ішінде тату-тәтті өмір сүріпті. Қоян күні бойын сәбіз жейді, Бақа-ән салады,Түлкі-билейді, ал Аю-күні бойы ұйықтайды,үйшікті күзетеді. Бұл үйшіктін ішінде тұратын аңдар қыстың қаһарлы аязынан еш қорықпапты.

Барлық аңдар шығып балалармен билейді.

Жүргізуші: Осымен, бүгінгі Күзгі мерекеміз де аяқталып келе жатыр. Біздер де балалар, өзіміздің жылы тобымызға оралайық!

Күз:  Менің де кетуім керек балалар!

Барлығыңды қимаймын,

Барымды мен сыйлаймын!

Күз балаларға ішінде алмалары бар себетін береді.

Күз аңдармен кетеді. Балалар «пойызға» отырады.Топтарына оралады.